Қасында жүрді

lat: Qasynda júrdi

а) Жанынан кетпеді, жалғыз қалдырмады. Көрсем-ау қандай болдың сен, Жетіп бір келсең табанда... Қ а с ы м д а ылғи сен ж ү р с е ң, Қорқыныш жоқтай маған да! (C.Жиенбаев, Алтын қалам). Егер қазір қайта туса ұлы Абай, Ол да саған қалар еді ұнамай. Ойлан, қалқам, ертең жердің кіндігін Ұстайтындар саған жақын жүр бүгін. Қ а с ы ң д а  ж ү р айтпағанмен хабарын, Ашылмаған Эйнштейн, танылмаған Гагарин (М.Шаханов, Ғасырлар.). ә) Қолдау көрсетті, қуаттады, желеп-жебеді. Қанды майдан асуда, Келем отқа ілінбей. Жебеп мені қ а с ы м д а, Бірге ж ү р с і ң білінбей (С.Мәуленов, Алыс кет.).